Біз туралы

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасы 2007 жылы құрылған. Зертхананың жалпы ауданы 902 м2.

Зертханадағы зерттеу жұмыстары геотехника, тамақ инженериясы, химия және мұнай-газ саласы сияқты бағыттар бойынша ынталы негізде келесі 5 жоба аясында  орындалады:

1) Прогрессивті геотехникалық конструкцияларды және олардың құрылыс үшін дайындау технологияларын әзірлеу;

2) Табиғи байытқыштар негізінде функционалдық мақсаттағы нан, нан-тоқаш және ұнды кондитерлік өнімдерінің технологиясын әзірлеу;

3) «Жент» таблеткаланған ұлттық өнімін өндірудің технологиялық схемасын әзірлеу;

4) Кальций, магний және барий сульфаттарын пайдалану негізінде олардың тұтқырлық қасиеттерін арттыру үшін құрылыс ерітінділерінің химиялық құрамын зерттеу;

5) Мұнай ұңғымаларына арналған тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу.

 Зертхана қызметінің мақсаты – зертхананың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, химия өнеркәсібі, мұнай-газ саласында озық технологияларды құру бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

 Зертхананың негізгі міндеттері:

– ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу;

– жаңа білім мен технологияларды тарату;

– студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;

– отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;

– мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;

– ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшін құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;

– халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық жұмыстарының дамуына үлес қосу.

 Зертхана функциялары:

– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– ҒЗЖ жүргізу бойынша әдістемелерді, бағдарламаларды, жобаларды және регламенттеуші құжаттарды әзірлеу және жетілдіру;

– ҒЗЖ жүргізуге әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, бұйымдардың, материалдардың және технологиялық процестердің жаңа үлгілерін тәжірибелік тексеру;

– жүргізілетін жұмыстардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, бекітілген тапсырмалар мен бағдарламаларға сәйкес ҒЗЖ уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

– ҚР заңнамасында белгіленген зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, мемлекеттік және коммерциялық құпияларды қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, ҒЗЖ туралы ақпаратты жинау, сақтау және жүйелеу;

– зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

 Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасына оның материалдық-техникалық базасын айтарлықтай дамытуға және жұмыс тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің 2008-2012 жылдардағы ректоры Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтың есімі берілді (30.10.2012 жыл, №2 хаттама).

 Facebook халықаралық әлеуметтік желісінде зертхананың дербес парақшасы жұмыс жасайды, парақша келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067238894432. Онда жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері туралы бұқара қауымға түсінікті тілде қысқаша мәліметтер жарияланып отырады, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы бірқатар мәселелерді шешу жолдары және т. б. ұсынылады.

Зертхана меңгерушісі

Бекбасаров Исабай Исақұлы – «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ-ның «Ә.С. Ахметов
атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі,
«Механика және технологиялар» және «Dulaty University Хабаршысы» ғылыми журналдарының
бас редакторы, «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының профессоры. Техника
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰТКҒА Академигі.

ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының Жамбыл облыстық филиалының басшысы. ҚР Қазақ сәулет және құрылыс академиясының Жамбыл облыстық филиалының басшысы.

Оның жетекшілігімен «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері»  ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды және жабдықталды.

Құрылыс саласындағы 6 ҚР нормативтік құжаттарының авторы (ҚР ҚН 3.04-02-2012, ҚР ҚЕ 3.04-03-2012, ҚР ҚБҚ 5.01-20-2013, ҚР ҚЕ 5.01-22-2013, ҚР ҚЕ 4.02-109-2014, ҚР ҚБҚ 1.03-02-1014).

Тараз қаласының аумағын борпылдақ шөгінділердің тереңдігі мен жер асты суларының деңгейі бойынша аудандастыру картасын жасаған. 219 ғылыми мақала мен баяндаманың авторы. Олардың 7-і Scopus деректер базасына енген журналдарда жарияланған. Хирш индексі – 3.

7 монографияның авторы: оның 4-і Қазақстанда, 2-і Германияда, 1-і Ресейде жарық көрді. 32 өнертабысқа ҚР патентін алған. 19 магистр, 1 PhD докторын дайындаған. 2 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі.

Байланыс мәліметтері: +7 700 429 2641, ii.bekbasarov@dulaty.kz

Зертхана ұжымы

Зертхана меңгерушісі

Аға ғылыми қызметкер

Аға ғылыми қызметкер

Бекбасаров Исабай
Исақұлы

т.ғ.д., профессор,

ҚР ТКҒҰА академигі

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57219925493

Иванникова Наталья Викторовна

Техника және технология магистрі

Садиева Халипа Рысқұлқызы

т.ғ.к., доцент

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57203824838 

Аға ғылыми қызметкер

Инженер

Инженер

Маликтаева Пернеш Мәліктайқызы

PhD, қауымдастырылған профессор

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57350667100

Атенов Ерлан Иманғалиұлы

PhD

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57219924718 

Умирбаева Шара Жолдасбайқызы