2022 жылдан бастап зертхана базасында «Жас ғалым 2022-2024» ғылыми жобалар конкурсы бойынша 2 гранттық ғылыми жоба орындалуда (жалпы қаржыландыру көлемі 38,0 млн. теңге):
1) АР13268763 «Беріктігі әртүрлі қағылмалы фибробетонды пирамидалық-призмалық қадалар дайындау» жобасы (жетекшісі: Шаншабаев Н.А., ғылыми кеңесшісі Бекбасаров И.И.);
2) АР15473198 «Топырақ және құрылыс материалдарын енгізе отырып діңгегі кеңейтілген қағылмалы қадаларды орнатудың тиімді технологиясын жасау» жобасы (жетекшісі: Атенов Е.И., ғылыми кеңесшісі Бекбасаров И.И.).
Аталған жобалар аясындағы жаңа қадалар модельдерін соққылық және статикалық жүктемелердің әсеріне эксперименттік зерттеу жұмыстары «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасы мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ОҚФ сынақ полигонында орындалуда.
ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға жарияланған гранттық конкурстарына келесі 4 ғылыми жоба ұсынылды (сұралып отырған жалпы қаржыландыру көлемі 252,5 млн. теңге):
1) «Жас ғалым» конкурсына – «Үйінді топырақ бөгеттерін орнату үшін олардың фракциялық құрамы мен механикалық қасиеттерін ескере отырып, оңтайлы топырақ қоспаларын іріктеу әдістемесін әзірлеу» жобасы (жетекшісі: Сүйеншбаева К.Т., ғылыми кеңесші Бекбасаров И.И.);
2) Жалпы гранттық конкурсқа – «Штампталған траншеяларда грильдері бар таспалы қадалар іргетастарының көтергіш қабілетін есептеу технологиясы мен әдістерін әзірлеу» жобасы (жетекшісі: И.И. Бекбасаров);
3) Жалпы гранттық конкурсқа – «Шығыс кен орнындағы барит шикізаты мен қатты қалдықтардың химиялық құрамын зерттеу және оларды құрылыс материалдарын өндіруде қолдану» жобасы (жетекшісі: Садиева Х.Р.);
4) Жалпы гранттық конкурсқа – «Жент» ұлттық таблетка өнімін өндіру бойынша технологиялық схеманы әзірлеу» жобасы (жетекшісі: Маликтаева П.М.).